Зариф: Халықаралық жүйеде Батыс басқаратын бірполюстік кезең аяқталды
(last modified Mon, 29 Mar 2021 09:28:20 GMT )
Нау 29, 2021 15:28 Asia/Almaty
  • Зариф: Халықаралық жүйеде Батыс басқаратын бірполюстік кезең аяқталды

Иран Сыртқы істер министрі: «Халықаралық жүйеде Батыс басқаратын бірполюстік кезең аяқталды»,-деді.

Зариф дүйсенбі күні Тәжікстанда «Азия жүрегі» атты конференция аясында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшысы Қайрат Сарыбаймен кездесіп, халықаралық жүйеде Батыс басқаратын бірполюстік кезеңнің аяқталғанын айтып, Азия мен аймақ елдерінің халықаралық қарым-қатынастағы маңыздылығын қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрі Теһран үкіметінің Азияда өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес пен оған мүше елдердің әріптестігін қолдайтынын айтып, Қазақстанның Иранның ядролық келіссөздеріндегі және «Астана үдерісі» қалыбындағы Сирияға қатысты бейбітшілік келіссөздеріндегі рөліне алғыс айтып, «Астана үдерісінің» Сирияға бейбітшілікті қайтаруда әсерлі болған жалғыз үдеріс болғанын атап өтті.

«Азия жүрегі» конференциясына мүше 15 ел – ИИР, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкістан, Қытай, Ресей, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Түркия, Әзірбайжан, Сауд Арабиясы мен БАӘ.