Рухани: Егер АҚШ өз міндеттемелеріне қайтып оралса, біз де қайта ораламыз
https://itolqyn.com/news/world-i51502
ИИР Президенті: "Егер америкалықтар мықты ерік-жігер танытып, санкцияларға дейінгі міндеттемелеріне қайтып оралса, біз де сол күні барлық міндеттемелерімізді орындаймыз",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 31, 2021 16:33 Asia/Almaty
  • Рухани: Егер АҚШ өз міндеттемелеріне қайтып оралса, біз де қайта ораламыз

ИИР Президенті: "Егер америкалықтар мықты ерік-жігер танытып, санкцияларға дейінгі міндеттемелеріне қайтып оралса, біз де сол күні барлық міндеттемелерімізді орындаймыз",-деді.

Рухани үкімет отырысында АҚШ-тың бұрынғы үкіметінің жауыздығына тоқталып: "Олар тіпті халыққа аса қажет азық-түлік пен дәрі-дәрмекке санкция салды. Трамп үкіметі аймақ, біздің еліміз, Палестина халқы мен тіпті АҚШ халқы үшін ең нашар үкімет болды",-деді.

Рухани АҚШ-тың жаңа үкіметіне: "Сіздер лаңкестік әрекеттерді жалғастырып жатырсыздар. Біздің ақшамызды бермей, әлі бұғаттап отырсыздар. Бізге сауда жасауға кедергі болып, тіпті вакцина сатып алуға мұрсат бермей, қиындық тудырып отырсыздар",-деді.