Пәкістанда парсы тілін үйрену курсы басталды
Сәу 08, 2021 16:43 Asia/Almaty
Пәкістанның Лахор қаласындағы ИИР-ның Мәдени өкілдігінде парсы тілін үйрену курсы басталды.
1400 жылғы көктемнің парсы тілін үйрену курсының ашылу рәсімі парсы тілі мен әдебиетіне қызығушылардың бір тобы, жаңа оқушылар, мұғалімдер және ИИР-ның Лахордағы мәдени өкілінің қатысуымен өтті.
Бұл курс парсы тілі мен әдебиетін оқушылардың білім деңгейін жоғарылатып, ғылыми негізін нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Лахордағы Иран Мәдени өкілдігінің көктемгі сабақтары бастауыш және орта сатыда 2021 жылы 5 сәуірден басталып, 6 шілдеге дейін жалғасады.
Тегтер