АҚШ-ДАИШ байланысы туралы жаңа мәліметтер таралды
Ирак пен Сирияда ДАИШ лаңкестік тобының пайда болуы мен кеңеюінде АҚШ маңызды рөл атқарды. Қазір Вашингтонның осыған байланысты жоспарланған әрекеттерін көрсететін жаңа мәліметтер таралды.
Washington Post газеті бейсенбі күні бұл тақырыпқа қатысты мәлімдемесінде: «АҚШ-тың жария етілген әскери құжаттары ДАИШ-тың қазіргі жетекшісі Абу Ибрахим әл-Хашими әл-Қурайшидің бұрын Ирактағы АҚШ күштерінің тұтқыны және тыңшысы болғанын көрсетті»,- деп жазды. Бұл мәлімдеме бойынша, ол 2008 жылы Иракта тұтқындалып, кейін Ирактағы АҚШ күштерінің ақпараттандырушысына айналды. Ирактағы ДАИШ-тың қазіргі басшысының АҚШ-пен қатынасыынң әшкереленуі американдықтар өз мақсаттарына сай бұл террористік топты жабдықтап, қаруландырып қана қоймай, сонымен қатар оның жоғары дәрежелі мүшелерін қолданғанын көрсетеді. Тіпті Маулана босатылсымен оны осы террористік топтың басшылығына қарай жетелеген.
АҚШ ДАИШ-тің құрылуындағы өз рөлін жасыра алмайды. ДАИШ алғаш рет Иракта елдің БААС партиясынан қалған мүшелері мен әлемнің әр түкпірінен Иракта жиналған салафиттер мен тәкфиршілердің қатысуымен құрылды. АҚШ Батыстың жетекшісі ретінде өзінің батыстық және арабтық серіктестерімен бірге тәкфирлік лаңкестерге, соның ішінде ДАИШ-ке кең қолдау көрсетті. Вашингтонның мақсаты Сирияның заңды үкіметін құлату және қарсыласу ағымын әлсірету болды және олар бұл террористік топтарды мақсатқа жетудің құралы деп санады. 2011-2014 жылдар аралығында американдықтар ДАИШ-ті кеңінен қолдады және оны логистика мен қаржыландыр салаларында үлкен рөл атқарды. ДАИШ-тың Ирактағы әрекеттері мен елдің үлкен аудандарын басып алғаннан кейін, Вашингтон Обама үкіметі кезінде бұл террористік топты бақылауға алуға табпынды. Сөйтіп 2014 жылы ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция құрылды. АҚШ-тың мақсаты – ДАИШ тобын Сирия мен Иракқа қарсы қысым тетіктері мен қарсыласу ағымына қарсы қолдана алатындай бақылауда ұстау.