Армения Қорғаныс министрлігі ғимаратының алдында митинг өтті
Сәу 10, 2021 16:26 Asia/Almaty
Таулы Қарабақтағы соңғы соғысқа қатысқан сарбаздардың отбасылары Армения Қорғаныс министрлігінің алдына жиналып, балаларын қайтаруды талап етті.
Бұл адамдар Таулы Қарабах соғысында қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендердің отбасылары. Олар Армения Қорғаныс министрлігінің басшыларынан балаларының жағдайын түсіндіріп беруді сұрады. Наразылар талаптары орындалмаса, министрлік ғимаратына басып кіреміз деп қорқытты. Наразылық митингі кезінде министрліктің қызметкерлері тікұшақпен эвакуацияланды, себебі наразылық білдірушілер қауіпсіздікке қауіп төндірді.
Тегтер