АҚШ Ауғанстанның келешектегі қауіпсіздік жағдайына жауапсыздық танытып отыр
(last modified Mon, 19 Apr 2021 14:26:20 GMT )
Сәу 19, 2021 20:26 Asia/Almaty
  • АҚШ Ауғанстанның келешектегі қауіпсіздік жағдайына жауапсыздық танытып отыр

АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джейк Салливан жексенбі күні бір сұхбатта: «АҚШ күштері Ауғанстаннан шыққаннан кейін болатын оқиғаларға ешқандай кепілдік берілмейді»,-деді.

Ол әл-Каида тобы мен басқа лаңкестік топтардың Ауғанстанда кең таралатыны туралы ескертіп: «Шетелдік күштер Ауғанстан шыққаннан кейін түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Байден болашақта бұл елге әскери күштерді қайтаруды жоспарлап отырған жоқ»,-деді.  

Салливан республикашылдардың АҚШ күштерінің Ауғанстаннан шығарылуына алаңдап отырғанын айтып: «Байден АҚШ күштері Ауғанстаннан кеткеннен кейін АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне жаңа қатер төнуіне жол бермейді»,-деді.

Өткен аптада Джо Байден америкалық әскерилердің Ауғанстаннан шығарылатын мерзімін ресми түрде жариялап: «Біздің әскерилер ағымдағы жылдың 11 қыркүйегіне дейін, яғни 2001 жылы 11 қыркүйек оқиғасына 20 жыл толу қарсаңында Ауғанстаннан шығарылады»,-деді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен америкалық күштерді Ауғанстаннан шығарудың екі ел арасында стратегиялық байланыс әлсірейді деген сөз емес екенін айтты.

АҚШ басшыларының Ауғанстанға көңіл бөлу туралы уәделеріне қарамастан, Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісінің жуырдағы сөздері Байден үкіметінің Ауғанстанның келешектегі жағдайына қатысты шынайы көзқарасын білдіретін сыңайлы. Байден үкіметінің қауіпсіздік саласындағы аға шендісі ретіндегі Салливанның ұстанымы Вашингтонның америкалық әскерилер шығарылғаннан кейінгі Ауғанстанға қатысты жауапсыздығын көрсетеді.  

Өткен 20 жылдың ішінде Талибан тобы қайта күш жинап, Трамп үкіметі Дохада осы топпен бейбітшілік келісіміне қол қойды. Енді Байден үкіметі  Вьетнам соғысынан да үлкен сәтсіздікке әкеліп соқтырған Ауғанстан басқыншылығын ешбір жетістіксіз аяқтауға мәжбүр.

Ал бұл жағдайда сарапшылар мен Ауғанстанның кейбір аға шенділері АҚШ пен НАТО күштері елден кеткен соң елдегі күш теңгерімінде вакуум пайда болып, Талибан тобы бұл жағдайды Ауғанстанда соғысты өршіту үшін теріс пайдалануы мүмкін деп ескертті. Күш теңгеріміндегі вакуум әл-Каида мен ДАИШ секілді лаңкестік топтардың белсенділіктерінің артуына себеп болады.