АҚШ Иранның ұшқышсыз ұшақ күшін мойындады
CENTCOM деп аталатын Батыс Азияда орналасқан АҚШ-тың лаңкестік күштерінің орталық штабының қолбасшысы генерал Кеннет Маккензи Иранның ұшқышсыз ұшақтар күшінің Батыс Азия аймағындағы АҚШ-тың әуе күші мен үстемдігін жоғалтуына себеп болғанын мойындады.
Маккензи АҚШ палатасының қарулы күштер жөніндегі комитеті АҚШ-тың әуедегі басымдығы туралы сұраққа: «Иранның шағын және орта дрондарды барлау және шабуыл операциялары үшін кеңінен қолдануы 1950 жылдардың басындағы Корея түбегіндегі соғыстан бері бірінші рет біздің әрекеттерді әуеде толық басымдылықтан айырылған жағдайда жүргізуімізді білдіреді. АҚШ аға қолбасшысының Иранның ұшқышсыз ұшақ күшін мойындауы шын мәнінде Батыстың бұқаралық ақпарат құралдарында Трамп үкіметі дәуіріндегі мейілінше қысым жасау саясатының нәтижесінде Иранның әлсіреуі туралы кеңінен насихатталғанына қарамастан, Теһранның жергілікті мүмкіндіктері мен мамандарына сүйене отырып, Батыс Азия аймағында АҚШ-тың әуе үстемдігіне қарсы тұруға қабілетті ұшқышсыз ұшақ күштерін құра алғанын көрсетті. Іс жүзінде ирандық ұшқышсыз ұшақтар қажетті жағдайларда аймақтағы американдық техникалар мен күштердің әртүрлі барлау операцияларын жүргізе алды және бұл мәселе американдық тарапты таң қалдырды. 2021 жылдың наурыз айында Байден үкіметінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі уақытша стратегиялық басшылық ретінде жарияланған алғашқы құжатында Иран аймақтық ойыншы ретінде «ойын ережелерін өзгертетін» мүмкіндіктер мен технологияларды қолданады деп атап көрсетілген. Вашингтон Иранның дролндары, зымырандық және ядролық технологиялар саласындағы маңызды жетістіктеріне ерекше көңіл бөлуде. Соңғы жылдары Иран дрондардың әртүрлі түрлерін жасау және оларды тиімді пайдалану саласында үлкен жетістіктерге жетті. қазіргі кезде CENTCOM қолбасшысының сөздері Вашингтонның Иранның дронының күшіне және оның аймақтағы АҚШ-тың әуе үстемдігіне кері әсеріне қатты алаңдайтынын көрсетеді.