Мәскеу мен Еуроодақтың қарым-қатынасы ушыға түсуі ықтимал
(last modified Thu, 22 Apr 2021 11:23:31 GMT )
Сәу 22, 2021 17:23 Asia/Almaty
  • Мәскеу мен Еуроодақтың қарым-қатынасы ушыға түсуі ықтимал

Бір ресейлік басшы Мәскеу мен Еуроодақ қарым-қатынасының ушыға түсуі ықтималын хабарлады.

Ресей Думасының ғылым және білім комитетінің басшысы Вячеслав Никоновтың болжауынша,  Украина Донбасс аймағына шабуыл жасап, Ресей бұған жауап беретін болса, Мәскеу мен Еуроодақтың қарым-қатынасы ушыға түседі. Мәскеу мен Еуроодақтың текетіресі кейінгі кезде екі жақтың дипломаттарын қайтару қалпында күшейіп кетті.

Никонов: «Украина саясаты деген мүлде жоқ. Оны «америкалық саясат» деп атауымыз керек. Өйткені Украина Президентінің кеңсесі мен қауіпсіздік комитетінде америкалық кеңесшілер көп»,-деді.

2014 жылдан бері Донбасста Украинаның мемлекеттік күштері мен Ресей қолдайтын бүлікшілер арасында қақтығыстар жалғасып жатыр. Бұл мәселе Украина мен Ресей арасында текетірес тууына әкеліп соқтырды.