Пәкістан АҚШ әскерилерінің болуына қарсы
(last modified Sat, 24 Apr 2021 13:06:10 GMT )
Сәу 24, 2021 19:06 Asia/Almaty
  • Пәкістан АҚШ әскерилерінің болуына қарсы

Пәкістан Президенті елінің Ауғанстандағы әскери әрекеттері үшін АҚШ-тың әскери базасына айналғысы келмейтіндігін қуаттады.

 

 

Ареф Алави «Америка дауысына» Ақ үйдің Ауғанстаннан шыққаннан кейін Пәкістанда  әскери күштерін арттыруын  сұрау туралы сұраққа: «Бұл туралы хабарым жоқ, бірақ біз Пәкістанның АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери іс-қимыл үшін қажет базасына айналмауымызға абай болуымыз керек»,- деді.

АҚШ Президенті Джо Байден бұған дейін Пәкістанға Ауғанстанды бақылау үшін база құруды ұсынған. Пәкістан Президенті АҚШ әскерилерінің Ауғанстаннан 11 қыркүйекке дейін шығарылатындығы туралы хабарды қолдай отырып, Исламабадтың Ауғанстанда бейбіт рөл атқарғысы келетінін қуаттады. Пәкістан Президентінің Ақ үйдің аймақтық саясатының негіздерінше АҚШ-тың барлау  немесе  әскери болуына қарсы айтқан сөздері Исламабадтың Вашингтонмен дәстүрлі емес ынтымақтастықтың салдарын қабылдағысы келмейтіндігін көрсетеді. 2020 жылдың ақпан айында

Американдық әскерилердің Ауғанстаннан шығуы туралы мәселе көтерілген АҚШ-Талибан бейбітшілік келісіміне қол қойылғаннан бастап, оларды Пәкістанға көшіру аймақтық БАҚ-тың назарында болды. Ауғанстанда да кері реакция болды, кейбір депутаттар Ауғанстаннан шетелдік әскерлер шығарылғаннан кейін АҚШ әскери техникасын Пәкістанға орналастыруға наразылық білдірді АҚШ Президенті Джо Байден  соңғы ұстанымында өз елі әскерилерінің Ауғанстаннан шығарылуын 2021 жылдың қыркүйегіне қалдырды. Осыған байланысты «Ақ үй аймақтан өз күштерін шығармақшы ма, әлде басқа елге өткізбекші ме?» деген сұрақ туындауда. Пәкістан Президентінің сөздері АҚШ Ауғанстаннан кетуге шешім қабылдағаннан кейін Пәкістан территориясын аймаққа әскер кіргізу немесе кең ауқымды барлау операцияларын жүргізу үшін пайдаланбақшы, бұл ел үшін саяси және қауіпсіздік салдары болуы мүмкін деген болжамды күшейтеді.

Пәкістанда АҚШ-тың әскери және барлау қызметтерінің болуы ықтималын ескере отырып, террористік топтардың АҚШ күштеріне қарсы ынтасын арттырады.  Бұл мәселенің Пәкістан үшін өте қауіпті   салдары болуы мүмкін. Осындай салдарлардан хабардар болған Пәкістан Президенті АҚШ-тың өз елінде кез-келген әскери болуына қарсы екенін мәлімдеді.