Тәжікстан мен Қырғызстанның шекарасында атысты тоқтату бітімі жарияланды
(last modified Fri, 30 Apr 2021 12:05:13 GMT )
Сәу 30, 2021 18:05 Asia/Almaty
  • Тәжікстан мен Қырғызстанның шекарасында атысты тоқтату бітімі жарияланды

Тәжікстан мен Қырғызстан басшылары екі елдің шекарасында болған қақтығыстан кейін атысты тоқтату туралы келіссөз өткізгенін хабарлады.

Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік  комитетінің басшысы Симумен Ятимов пен Қырғызстан үкіметінің Баткен облысындағы өкілетті өкілі Омурбек Суваналиевтің кездесуінде атысты тоқтату бітіміне қол қойылды.

Осы уақытқа дейін қақтығыстарда Тәжікстан жағынан 13 сарбаз қаза тауып, 134 адам жараланды, ал Қырғызстан жағынан 10 сарбаз қаза тауып, 90-нан аса адам жарақат алды.

Кеше Тәжікстан Қырғызстанмен арадағы шекараға бақылау камераларын орнатқан. Бұл қырғыз шекарашыларының наразылығын тудырып, арты қақтығысқа ұласқан.