Сауд Арабиясы Сириямен қарым-қатынасты қалпына келтіруге талпынуда
(last modified Tue, 04 May 2021 13:32:00 GMT )
Maм 04, 2021 19:32 Asia/Almaty

Сауд Арабиясының қауіпсіздік ұйымының басшысы Холед әл-Хамидан басқарған тобы Сирияға сапар шегіп, бұл елдің Президенті Башар Асадпен кездесті. Екі жақ барлық салалардағы қарым-қатынасты қалпына келтіру саласындағы алғашқы қадам ретінде Сауд Арабиясының Дамаскідегі елшілігін қайта ашуға келісті. Сауд Арабиясының делегациясы Риядтың Сирияның Араб лигасына оралуын және Алжирде өтетін конференциясына қатысуын қолдайтынын жариялады.

 

Сауд Арабиясының Сириямен қарым-қатынасты қалпына келтіру талпынысының себептерін бағалау үшін алдымен Риядтың соңғы онжылдықтағы Сирияға қатысты саясатына шолу жасау керек. Сауд Арабиясы соңғы онжылдықта Сирия режиміне қарсы миллиардтаған доллар жұмсап, Сирия режиміне қарсы шыққан террористік топтардың маңызды қолдаушыларының бірі болды. Риядтың пікірінше, араб әлеміндегі оқиғалар мен төрт диктатордың құлауы аймақтағы қарсылықтың геосаясатын күшейтеді және күш теңгерімінің қарсыласудың мүддесіне өзгеруінің алдын алу үшін оның орталығы саналатын Сирия режимін құлату үшін қадамдар жасау керек. Сауд Арабиясымен бірге АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, сионистік режим және кейбір Еуропа елдері де Сирия режиміне қарсы әрекет етіп, лаңкестік топтарға қолдау көрсетті. Алайда, он жылдан кейін Сауд Арабиясы өзінің Сирияға қатысты саясатында айқын бетбұрыс жасады, Дамаск режимін құлату туралы емес, керісінше Сириямен қарым-қатынасты қалпына келтіруге ұмтылды. Сауд Арабиясының қауіпсіздік ұйымының басшысының Сирияға жақында сапары алдында Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан өткен айда американдық CNN-ге берген сұхбатында: ««Біз Башар Асад үкіметі Сирия дағдарысын саяси жолмен шешу үшін тиісті қадамдар жасайды деп үміттіміз. Бұл Сирияның алға ілгерлеуі үшін жалғыз жол.  Бізге үшін Сирияда тұрақтылық қажет, ал оны жүзеге асыру Сирия үкіметінен қалыпты шешімді талап етеді»,- деді.

Қазіргі кезде «Сауд Арабиясы Сирияға қатысты ұстанымын неге өзгертті?» деген сұрақ туындайды. Сауд Арабиясының Сирияға қатысты ұстанымын өзгертуінің  бірінші себебі - Сирия үкіметін құлату жобалардың орындалмауы болды. Сауд Арабиясы мен Сирияға қарсы басқа ойыншылар лаңкестік топтарға қолдау көрсетіп, Дамаскке жан-жақты қысым жасау арқылы Сирияның саяси жүйесін өзгерте алады деп ойлады. Бірақ дағдарыстың 11-ші жылында Сирия жүйесі елдің жерлерінің 90 пайыздан астамын бақылайды және оның саяси жағдайы ішкі және сыртқы жағынан тұрақталды. Екінші себеп - Сирия жүйесін құлатудың сәтсіздікке ұшырауы, бұл елге қарсылардың арасында жік тудырды. БАӘ Сирияға қарсы саясаттағы Сауд Арабиясының басты одақтастарының бірі болғанымен біраз уақыт бұрын Дамаскпен қарым-қатынасты қалпына келтірді. Басқа араб елдері де Сирияның Араб лигасына оралуын қалайды. Сонымен қатар, АҚШ-тың жаңа үкіметінің әрекеттеріне жасалған шолу Батыс Азия аймағының Вашингтон үшін басымдыққа ие емес екенін көрсетеді. Үшінші себеп -  Рияд аймақтық талаптарының жүзеге аспады деген нәтижеге келуі. Сирия мен Йемен - Сауд Арабиясы үкіметінің өз мақсаттарына жетпес түгіл, жеңіліске ұшыраған ең маңызды аймақтар. Бұл жеңілістер, Катармен және Иранмен шиеленіс сияқты басқа мәселелермен қатар, Сауд Арабиясының аймақтағы жағдайын бұрынғыға қарағанда әлсіретті. Сондықтан соңғы айларда Сауд Арабиясы үкіметі өзінің кейбір аймақтық, соның ішінде Сирияға қатысты саясатында айқын өзгеріс жасады.

 

Тегтер