Зариф Испания Сыртқы істер министрімен кеңесті
Maм 14, 2021 14:12 Asia/Almaty
Испания басшыларымен сұхбаттасу мақсатында Мадридке барған Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні түстен кейін Испания Сыртқы істер министрі мен Еуроодақ істері жөніндегі өкілі Аранча Гонсалес Лайямен кездесті.
Зариф Еуропаға сапарының басында бейсенбі күні таңертең Испанияның астанасы Мадридке барды.
Екіжақты қарым-қатынасты жан-жақты дамыту және ортақ әріптестікті арттыру осы сапардың негізгі тақырыбы болды.
Иран Сыртқы істер министрі Еуропаға сапардан бұрын Сирияға барып, осы елдің басшыларымен кездесіп, сұхбаттасты.
Тегтер