Оңтүстік Корея президенті Иранға бірінші рет келеді
Оңтүстік Корея президенті Иранмен қос жақты байланыстарды кеңейту мақсатында Теһранға сапар шегеді.
Президент бюросының байланыс және ақпарат тарату бойынша орынбасары Парвиз Исмаили Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе ханым ИИР президенті Хасан Руханидің ресми шақыруымен 1- ші мамырда Теһранға келетінін, осы үш күндік сапарда Оңтүстік Корея президентімен бірге бір топ министрлері мен экономика саласының жоғары мәртебелі басшылары және өнеркәсіп иелері келетінін хабарлады.
Парвиз Исмаили Иран мен Оңтүстік Кореяның байырғы игі байланыстарына, сондай- ақ Теһран- Сеул арасындағы, әсіресе экономика саласындағы ынтымақтастықтың ауқымды мүмкіндіктеріне сілтеме жасап: «Екі ел президенттерінің кездесулерінде түрлі салаларда екі жақты байланыстарды кеңейту жолдарына қатысты тақырыптармен қоса аймақтық және халықаралық өзгерістер де талқыға салынып, сұхбаттар жүргізіледі.
Энергия, банк және қамсыздандыру, инфрақұрылымдық жобалар, денсаулық және емдеу, ғылым мен технология және мәдениет салаларындағы ортақ ынтымақтастықты күшейту жолдары Иран мен Оңтүстік Корея президенттерінің қарастырып, ой бөлісетін өзекті тақырыптарының қатарына жатады. Осы салаларда Иран мен Оңтүстік Кореяның жоғары деңгейлі қайраткерлері түрлі құжаттарға қол қояды» деді.