АҚШ Мемлекетті хатшысының басып алынған Палестина жерлеріне сапарының мақсаттары
Сионистік режим мен Палестинаның исламдық қарсыласуы арасындағы атысты тоқтату туралы жарияланғаннан төрт күн ғана өткеннен кейін, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен сейсенбі күні басып алынған жерлерге кіріп, премьер-министр Беньямин Нетаньяхумен кездесті, содан кейін Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббаспен кездесу үшін Рамаллаға аттанды. Сондай-ақ ол бүгін Мысырға, содан кейін Иорданияға сапар шегуді жоспарлады.
АҚШ басшылары және Блинкиннің өзі бұл сапардың «атысты тоқтату және Газаны қалпына келтіру мақсатпен» іске асырылуы туралы уәжденді. Шын мәнінде, Газаны қалпына келтіру - бұл АҚШ-тың өзінің және сионистік режимнің жаулап алынған жерлердегі және қарсылыққа қарсы жобаларын жүзеге асыру туралы талаптарын жасыру тақырыбы. Өйткені бұл соғыстан және Газа қарсылығынан жеңілісінен кейін сионистік режим қатты шайқалды. Бұл мәселе батыс басшыларының атысты тоқтату және соғыс қимылдарының қайта басталуының алдын алу аймаққа сапарға аттануға және осыған байланысты олардың Египет пен Иорданияға қысым жасауына себеп болды. 48 жылдағы жерлерде тұратын палестиналықтар мен Құдс, Рамалла және Газа секторы азаматтары арасындағы ынтымақтастық сионистік режимнің жақтаушыларына үрей тудырды. Олар палестиналықтардың алдында Палестина исламдық қарсыласу позициясының тереңдегенін және палестиналықтардың сионистік режимге қарсы тұруының тиімділігі мен бұрын-соңды болмаған әсерін түсініп, Иордан өзенінің батыс жағалауындағы сионистік режимнің одақтасы саналатын Палестина Автономиялық құрылымын қолдау туралы ойға түсті және Автономиялық құрылым арқылы Газа секторына көмектесу мәселені көтерді. Негізінде, Газа секторына көмек көрсету туралы уәждер Палестина автономиясын қолдаудан және оны ХАМАС-тың алдында оны маңыздылау көрсетуден, сөйтіп Батыс жағалау мен Газа секторындағы палестиналықтардың арасында алауыздықты тудырудан басқа еш нәрсе емес. Басқа жағынан, АҚШ бұл мәселеде бейбітшілік туралы уәжденіп, «екі тәуелсіз мемлекеттің құрылуы» деп аталған жобасын баяндап, Палестинаның қарсыласуын бұл жобаны іске асыруға кедергі деп таныстырып, Газа секторындағы қарсыласу топтарына қысымды күшейтуді, сондай-ақ қарсыласу ағымының тиімділігін қуаттаған палестиналықтардың қоғамдық пікірін ХАМАС пен Газадағы қарсыласу топтарына қарсы қоюды көздеуде. Алайда, АҚШ пен сионистік режимнің батыстық жақтаушылары бұл режимнің жағдайын қиын деп тауып, ол құлдырау алдында тұр және құлдыраудың алдын алу үшін жылдам көмек көрсету керек деген қорытындыға келді.