Дания ақпарат құралдары АҚШ-тың Меркельге тыңшылық жасағанын әшкереледі
(last modified Mon, 31 May 2021 14:59:52 GMT )
Maм 31, 2021 20:59 Asia/Almaty
  • Дания ақпарат құралдары АҚШ-тың Меркельге тыңшылық жасағанын әшкереледі

Дания ресми ақпарат орталығы (|DR) дүйсенбі күні таңертең: "АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі Данияның коммуникациялық кабельдері арқылы Германия канцлері Меркель мен Еуропаның басқа да жоғары лауазымды тұлғаларына тыңшылық жасады",-деп әшкереледі.

IRNA ақпарат агентігінің хабарлауынша, Дания ресми ақпарат орталығының мәлімдемесіне сәйкес АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі (NSA) Данияның сыртқы барлау департаментімен әріптесе отырып, көршілес елдердің басшылары, соның ішінде Германияның канцлеріне тыңшылық жасады.

Дания үкіметі зерттеуге қатысы бар 9 белгісіз дереккөзіне сүйеніп: "Бұл деректер – Дания қорғаныс қызметінің АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігімен 2015 жылдан бергі әріптестігіне қатысты ішкі зерттеуінің нәтижесі",-деді.     

Тегтер