АҚШ кибер шабуылдардан қатты зардап шегіп отырғанын мойындады
https://itolqyn.com/news/world-i53132-АҚШ_кибер_шабуылдардан_қатты_зардап_шегіп_отырғанын_мойындады
АҚШ-тың Энергетика министрі Дженнифер Гранхольм елдің маңызды электр қуаты желілерінің ұдайы қоқан-лоққыға ұшырап келе жатқанын мойындап: «АҚШ-тың дұшпандары электр қуаты желілерінің бір бөлігін немесе тұтастай істен шығаруға қабілетті»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 07, 2021 21:15 Asia/Almaty
  • АҚШ кибер шабуылдардан қатты зардап шегіп отырғанын мойындады

АҚШ-тың Энергетика министрі Дженнифер Гранхольм елдің маңызды электр қуаты желілерінің ұдайы қоқан-лоққыға ұшырап келе жатқанын мойындап: «АҚШ-тың дұшпандары электр қуаты желілерінің бір бөлігін немесе тұтастай істен шығаруға қабілетті»,-деді.

АҚШ-тың Сауда министрі Джина Раймондо да АҚШ-қа қарсы кибер шабуылдарға тоқталып: «Америкалық компаниялар кибер шабуылдардың күнделікті мәселеге айналып кеткенін қабылдаулары керек»,-деді.

Осыдан біраз бұрын Ақ үй АҚШ-та «Колониал құбыры» деп аталатын ең ірі жанармай тасымалдау құбырына жасалған кибер шабуыл мен «SolarWindow Technologies» компаниясына хакерлік шабуыл жасалғанына тоқталып, барлық жеке компаниялар мен ұйымдарға: «Жаңа кибер шабуылдардан абай болыңыздар»,-деп ескертіп, осы компаниялардың басшыларына хакерлік шабуылдардың қатерін азайтуға кеңес берді.

АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесшісінің киберлік шабуылдар жөніндегі орынбасары Энн Нойбергер: «АҚШ-тың аса маңызды орталықтарына хакерлік шабуыл жасау қатері өте жоғары. Кейбір компаниялар мен ұйымдар хакерлік шабуылға ұшырауы ықтимал»,-деді.  

АҚШ-тың өзі әлемде көптеген кибер шабуылдарға жауапты болып отырған жағдайда Байден үкіметінің жоғары лауазымды тұлғалары АҚШ-тың кибер шабуылдарға әлсіздігін мойындады. Америкалықтардың өздері кей кездері басқа елдерге кибер шабуылдар жасайды. Оның айқын мысалы – «Stuxnet» бағдарламасымен Иранның ядролық нысандарына жасалған кибер шабуыл.  Бірақ АҚШ мұны заңды деп санайды. Ал егер басқа бәсекелес немесе қарсылас елдер тарапынан осындай шаралар жасалса, төзбейді.   

АҚШ Сенат палатасының өкілі Карен Гибсон Вашингтонға кибер шабуылдардан туындайтын қатерді 6 қаңтарда Конгреске жасалған шабуылдан қатерлірек деп атап: «Мен басқа бір топтың астанаға шабуылынан гөрі киберлік қауіпсіздікке алаңдаймын»,-деді.

Қазіргі таңда АҚШ-қа жасалған кибер шабуылдар көрсеткендей, Вашингтонның қорғаныс және шабуыл саласында киберлік қуатын дамыту үшін жасаған ауқымды талпыныстарына қарамастан, АҚШ-тың дұшпандары да өз киберлік қабілеттерін нығайтып, іс жүзінде АҚШ-тың федералдық органдары, жеке компаниялары мен инфрақұрылымдық нысандарына ауқымды шабуыл жасап, олары толық істен шығатындай жағдайға жеткізді.