АҚШ-тың жаңа санкциялары
(last modified Fri, 11 Jun 2021 13:55:39 GMT )
Маусым 11, 2021 19:55 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың жаңа санкциялары

АҚШ Қаржы министрлігі бейсенбі күні Сақшылар корпусының Құдс күштері мен Йеменнің Ансаролла қозғалысын қаржымен қамтамасыз етуде рөл атқарады деген сылтаумен бірнеше тұлға мен органды санкциялар тізіміне енгізді.

АҚШ Қаржы министрлігі өз мәлімдемесінде: «Шетелдік активтерді бақылау кеңсесі (OFAC) Сақшылар корпусының Құдс күштері мен Йеменнің Ансаролла қозғалысын қаржымен қамтамасыз етуге көмектесетін желіні санкциялар тізіміне енгізді»,-деп хабарлады. АҚШ Қаржы министрлігінің тізіміне сәйкес,  осы елдің үкіметі 7 ирандық тұлға, 4 компания мен 1 кемені жаңа санкциялар тізіміне енгізді.

Басқа жағынан АҚШ Қаржы министрлігі өзгеше бағытта әрекет жасап: «Иран үкіметінің бұрынғы 3 шенеунігін санкциялар тізімінен шығарды»,-деді. АҚШ үкіметі, сондай-ақ, бұрын Иранның мұнай-химия өнімдерін алу, сату, тасымалдау немесе маркетинг жасауға қатысы бар деген сылтаумен санкциялар тізіміне енгізген екі компанияны осы тізімнен шығарды.  

АҚШ Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы Нед Прайс: «Иранның бұрынғы 3 шенеунігіне қасы санкцияны жою мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының тағдырын анықтауға арналған Вена келіссөздерінің арасында ешқандай байланыс жоқ»,-деді.

Байден үкіметі  жаңа санкция салып, кейбір бұрынғы санкцияларды жою арқылы мына нәрсені көрсеткісі келетін сыңайлы: АҚШ Иран мен оның аймақтық одақтастарына санкция салу саясатын күн тәртібіне қойып отырса да, қажет болған жағдайда ізгі ниет білдіру үшін өздерінің ойынша ұстанымын өзгерткен тұлғалар мен органдарға қарсы санкцияларды жоя алады.

Бұл салада бірнеше мәселеге көңіл аудару керек. Біріншіден, Байден үкіметінің Иранға қарсы санкцияларға қатысты ұстанымы алдамшы сипатта. Ол тек Иранмен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты түсіністікке келуді қалаймын деген уәждерін растағысы келеді.  

Екіншіден, АҚШ үкіметінің жаңа санкциялық шаралары Байденнің Трамп үкіметінің Иранға қатысты ұстанымын қайталамаймын деген уәждеріне керісінше Иранға қысым саясатын жалғастырып отырғанын көрсетеді.  

Үшіншіден, Байден үкіметі тек «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайшы санкцияларды жоюды қарастыратынын сан рет айтты. Ал Трамп кезінде басқа атау, соның ішінде «Теһран терроризмді қолдайды» деген сылтаумен Иранға салынған санкцияларды жою қарастырылмайды.

Француз саяси сарапшысы Ромальд Сиора: «Құқықтық тұрғыдан Байден үкіметінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайтып оралуы оңай іс емес. Өйткені Теһран тұрғысынан санкцияларды жою –Вашингтон үкіметінің ядролық келісімге қайта оралуының басты шарты»,-деді.

Байден үкіметінің саясаты Трамп үкіметінің Иранға күш көрсету қатынасын жалғастыру деп айтуға болады. Алайда мұның тиімсіздігі қазірдің өзінде дәлелденген.