Байден мен Путиннің Женевадағы кездесуінен кейін АҚШ-та қайшылықтар артты
АҚШ-тың республикалық партиясы АҚШ Президентінің ресейлік әріптесімен кездесуінде әлсіздік позицияда болғанын жариялады.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Трамп та: «Байден мен Путиннің кездесуінде Мәскеу жеңді және бұл кездесу АҚШ үшін ешбір нәтиже бермеді»,- деді. Washington Post газеті де: «Кездесу кезінде тіпті Байден үкіметіндегі Мәскеуге қатысты ішкі қайшылықтары байқалды»,- деп жазды. Washington Post-тың жазуы бойынша, Байден үкіметінің сыртқы саясатты жүргізуші органы мен Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Ресейге байланысты көзқарасында қайшылығы анық көрінеді. Бұл газет: «Байден мен Путин пікірілердегі қайшылықтарды баяндады, бірақ нәтижеге жетпеді»,- деп мәлімдеді.
Басқа жағынан Кремль баспасөз өкілі: «АҚШ пен Ресей президенттерінің кездесуіне қарамастан, Вашингтонды дос емес елдер тізімінен шығаратын дәлел жоқ»,- деді.