Байден мен Путиннің Женевадағы кездесуінен кейін АҚШ-та қайшылықтар артты
(last modified Thu, 17 Jun 2021 12:06:36 GMT )
Маусым 17, 2021 18:06 Asia/Almaty
  • Байден мен Путиннің Женевадағы кездесуінен кейін АҚШ-та қайшылықтар артты

АҚШ-тың республикалық партиясы АҚШ Президентінің ресейлік әріптесімен кездесуінде әлсіздік позицияда болғанын жариялады.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Трамп та: «Байден мен Путиннің кездесуінде Мәскеу жеңді және бұл кездесу АҚШ үшін ешбір нәтиже бермеді»,- деді. Washington Post газеті де: «Кездесу кезінде тіпті Байден үкіметіндегі  Мәскеуге қатысты ішкі қайшылықтары байқалды»,- деп жазды. Washington Post-тың жазуы бойынша,  Байден үкіметінің сыртқы саясатты жүргізуші органы мен Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің  Ресейге байланысты көзқарасында қайшылығы анық көрінеді. Бұл газет: «Байден мен Путин пікірілердегі қайшылықтарды баяндады, бірақ нәтижеге жетпеді»,- деп мәлімдеді.

Басқа жағынан Кремль баспасөз өкілі: «АҚШ пен Ресей президенттерінің кездесуіне қарамастан, Вашингтонды дос емес елдер тізімінен шығаратын дәлел жоқ»,- деді.