Ресей Думасының халықаралық істер жөніндегі комиссиясының басшысы АҚШ-тың «Северный поток 2» газ жобасына қарсы санкцияларына реакция білдірді
(last modified Mon, 21 Jun 2021 13:09:51 GMT )
Маусым 21, 2021 19:09 Asia/Almaty
  • Ресей Думасының халықаралық істер жөніндегі комиссиясының басшысы  АҚШ-тың «Северный поток 2» газ жобасына қарсы санкцияларына реакция білдірді

Ресей Думасының халықаралық істер жөніндегі комиссиясының басшысы АҚШ-тың «Северный поток 2» газ жобасына қарсы санкцияларының өз газын Еуропаға сату үшін екенін мәлімдеді. Леонид Слуцкий: «АҚШ-тың «Северный поток 2» газ жобасына қарсы санкциялары - өз газын Еуропаға сатуын ілгерілету саласындағы зиянды бәсекенің мысалы»,- деді.

 

 

Вашингтон «Севеврный поток 2» газ жобасына қатысушы компаниялар мен мердігерлерге бірнеше рет санкциялар  енгізді немесе қатаң санкциялар саламын деп қорқытты. АҚШ Еуропаның ресейлік газға тәуелді болатынын сылтауратып, бұл газ жобасына қарсылығын білдірді. Алайда Ресей, Германия және кейбір Еуропа елдері бұл айыптауларға назар аудармай, газ тасымалдау жобаның Еуропа мен Ресейдің мүддесіне екенін мәлімдеді.

 

Тегтер