Мәскеудегі 7-ші халықаралық кітап көрмесінде халық Иран павильоның жақсы қарсы алды
(last modified Wed, 23 Jun 2021 10:35:27 GMT )
Маусым 23, 2021 16:35 Asia/Almaty

Әлемдегі ең ірі қалалық кітап көрмелерінің бірі болып саналатын «Кітап, қала, оқу» деп аталатын 7-ші Мәскеу халықаралық көркем емес әдебиеттер көрмесі биыл Иран мен әртүрлі елдерден жиналған ондаған баспагерлердің қатысуымен Қызыл алаңда өтті.

«Ибн-Сина» Исламдық зерттеу қоры және «Садра» басылымы бұрынғы кезеңдердегідей, биыл да орыс тілінде шыққан ең соңғы еңбектерін оқырмандарға ұсынды. Осы уақытқа дейін ислам философиясы, Құран және хадис, парсы поэзиясы мен әдебиеті, балалар мен жасөспірімдер, парсы тілі, қасиетті қорғаныс және Иран-Ислам тарихы мен өркениеті сияқты әртүрлі тақырыптарға арналған 350-ге жуық кітап басып шығарған «Ибн-Сина» Исламдық зерттеу қоры мен «Садра» басылымы биыл да көптеген жанкүйерлері мен оқырмандарды қызықтырды.