Ауғанстанға іргелес аймақтарда Орталық Азияның шекараларын нығайту қажет
Саяси сарапшылар Ауғанстандағы тынышсыздықтардың күшеюіне байланысты Орталық Азия елдерінің осы елмен шекараларындағы өз позицияларын нығайту қажеттілігін мәлімдеді.
Қазақстандық саяси сарапшы Еркін Байдаров Ауғанстандағы қауіптіліктің күшеюіне тоқталып: «Тәжік-ауған шекарасында Талибанның маңызды Ширхан Бандар кеденін және сауда-саттық өткелін басып алғаны туралы хабар аймақтық және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында дүрбелең тудырды»,- деді.
Байдаров Талибанның Ауғанстанның көп бөлігін өз бақылауына алғанына және бұл факт екеніне назар аудартып: «Маңыздысы - әлемдегі және аймақтағы бірқатар елдер бұл оқиғаларды алдын-ала болжап, тәліптермен ынтымақтастық орнатуға дайын болуы»,- деп мәлімдеді.