Абдолла Ауғанстанға қауіп төніп тұрғаны туралы ескерту жасады
Ауғанстанның Жоғары Ұлттық Келісім Кеңесінің төрағасы Ауғанстанға қауіп төніп тұрғанын ескертті.
Жоғарғы Ұлттық Келісім Кеңесі басшылық комитетінің алтыншы отырысында Абдолла Абдолла Ауғанстандағы саяси жүйені қорғау үшін саяси басшылардың бірыңғай жұмылдыру қажеттігін қуаттады. Ауғанстанның Жоғары Ұлттық Келісім Кеңесінің төрағасы Қатар мен БҰҰ-ның арағайындығына тоқталып: «Біздің делегация (үкімет тарапынан келіссөз жүргізушілер) бейбітшілік орнату үшін бүкіл күшін салды»,- деді. Ауғанстандағы, әсіресе елдің солтүстік аймақтарындағы соғыстың қарқыны және тәліптердің соңғы жетістіктері ауған халқын алаңдатты. Шет елдердің, әсіресе АҚШ-тың ауған тараптарының келіссөздеріне араласуы бейбіт келіссөздерді тұйыққа тіреді.