Каспий теңізіндегі Әзірбайжанның газ кен орнында жарылыс болды
(last modified Mon, 05 Jul 2021 08:54:43 GMT )
Шіл 05, 2021 14:54 Asia/Almaty

Ақпарат көздер Каспий теңізіндегі Әзірбайжанның газ кен орындарының бірінде жарылыс болғанын хабарлады.

Кейбір мәліметтер бойынша, Каспий теңізіндегі Әзірбайжанға   тиесілі «Умид» газ кен орнында жарылыс болды. Умид газ кен орны - Әзірбайжандағы екінші ірі табиғи газ кен орны. Газ кен орны Бакуден оңтүстік-шығысқа қарай 75 км жерде орналасқан. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары: «Каспий теңізіндегі Әзірбайжанның мұнай бұрғылау қондырғысының жанында үлкен жарылыс болды»,- деп те жазды.