Ирандық күресші – олимпиаданың ең мықты спортшысы
https://itolqyn.com/news/world-i54034-Ирандық_күресші_олимпиаданың_ең_мықты_спортшысы
Әлемдік чемпионаттар мен олимпиаданың алтын медальдарын иеленген Хасан Яздани Дүниежүзілік күрес федерациясының сауалнамасы бойынша еркін күрес саласында олимпиаданың ең мықты спортшысы атанды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 19, 2021 15:46 Asia/Almaty
  • Ирандық күресші – олимпиаданың ең мықты спортшысы

Әлемдік чемпионаттар мен олимпиаданың алтын медальдарын иеленген Хасан Яздани Дүниежүзілік күрес федерациясының сауалнамасы бойынша еркін күрес саласында олимпиаданың ең мықты спортшысы атанды.

Дүниежүзілік күрес федерациясы инстаграмдағы жеке парақшасында еркін күрес саласында олимпиаданың ең мықты спортшысын анықтауға арналған сауалнама жүргізді. Дауыс жинау нәтижесінде Хасан Яздани бірінші орынды иеленді.

Бұл сауалнама әртүрлі елдердің еркін күрес саласындағы 16 спортшысының  қатысуымен өтті.  Хасан Яздани мен ресейлік күресші Абдулрашид Садуллаев соңғы кезеңге жетті. Ақырында ирандық күресші әлеуметтік желі қолданушылардың дауыс беруімен бірінші орынға шықты.