Иран Ресейдегі МАКС әуе-ғарыш көрмесіне қатысуда
ИИР Қорғаныс министрлігі мен елдің білімге негізделген 35 компаниясы биылғы жылы Ресейде өткен МАКС-2021 Халықаралық әуе көрмесіне қатысуда.
15-ші Халықаралық «Макс-2021» ресейлік авияциялық-ғарыш салонына Ресей мен 65 елдің жүздеген беделді авиациялық компаниялары, соның ішінде Иран Қорғаныс министрлігінің авиациялық өнеркәсіп ұйымы мен 35 беделді компаниясы Иранның ғалымдары мен мамандарының әуе-ғарыш саласындағы соңғы жетістіктерін көрсетті. Иран Қорғаныс министрінің орынбасары және Авиациялық өнеркәсіп ұйымының басшысы: «Биылғы жылы Иран павильонында әртүрлі жаттығу ұшақтары, тікұшақтар, қозғалтқыш бөлшектері және электронды жабдықтар көрсетілуде, бірақ басты назар ұшқышсыз ұшақтарға және оларды экспорттауға жағдай жасауға бағытталды»,- деді.
Халықаралық авияциялық-ғарыш салоны сейсенбі күні Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысуымен басталып, 5 күн бойы Мәскеу облысының Жуковский қаласында өз жұмысын жалғастырады. Көрменің бірінші күнінде Ресей Президенті мен қатысушы елдердің әскери жоғары лауазымды қайраткерлерінің қатысуымен мемлекеттік «Ростек» компаниясының жаңа өнімі - Ресейдің дамыған бомбалаушы ұшағының тұсаукесері өтті.