Қытай: АҚШ-қа басқалармен қалай қатынас жасау керек екенін үйретеміз
Шіл 25, 2021 15:52 Asia/Almaty
Қытай Сыртқы істер министрі: «Егер АҚШ әлі күнге дейін басқалармен теңдей қарым-қатынас жасауды үйренбесе, біз және әлемдік қауымдастық оған үйретеміз»,-деп мәлімдеді.
Ван И АҚШ Мемлекеттік хатшысының «Вашингтон Бейжіңмен күш тұрғысынан сөйлеседі» деген сөздеріне реакциясында: «Ешбір ел әлемнің басқа елдерінен артық емес. Қытай ешбір елге бұлай ойлауға рұқсат бермейді»,-деді.
Қытай Сыртқы істер министрі: «АҚШ әрдайым басқа елдерге өз еркін таңғысы келеді, бірақ америкалық тарапқа Бейжіңнің ешқашан бұған жол бермейтінін айту керек»,-деді.
Тегтер