Шейх Закзаки мен оның жұбайын босатуға үкім шығару – сабырлық пен төзімділіктің жеңісі
Нигерияның Кадуна уәлаятының жоғары соты сәрсенбі күні осы ел исламдық қозғалысының (IMN) бас хатшысы шейх Закзаки мен оның жұбайын айыптардан ақтап, босату туралы үкім шығарды. Бұл үкімде сот шейх Закзакиге қарсы айыптарды анықтай да, растай да алмағаны айтылған.
Кадуна уәлаятының жоғары соты үкімінің жариялануы шейх Закзаки мен оның жұбайы үшін ғана емес, Нигерияның исламдық қозғалысы үшін үлкен жеңіс саналады.
Шейх Закзаки мен оның жұбайы Зейнет Ибраһим 2015 жылы Зария оқиғасынан осы күнге дейін түрмеге тоғытылған еді. 2015 жылы 13 желтоқсанда Нигерия армиясы «Сахеб уз-заман» діни рәсімдер орталығында аза тұтып жатқандарға айуандықпен шабуыл жасап, 2 мыңға жуық адамды жермен-жексен етті. Шейх Закзаки қатты жараланды. Зақымдардың ауырлығынан бір көзі көрмей қалды. Екінші көзінің жанары да тайып барады. Содан соң шейх Закзаки түрмеде әрдайым ең нашар жағдайда ұсталып, бастапқы медициналық қызметтен мақрұм қалдырылды. Оның денсаулық жағдайы ушығып кетті.
Нигерия үкіметінің шейх Закзакиге қысым жасап, жалған айыптауларды қабылдауға көндіруге тырысқанымен шейх Закзаки сабырлық пен төзімділіктің үлгісі ретінде әрдайым өз ұстанымына табандылық танытты.
Басқа жағынан соңғы жылдарда шейх ұсталғаннан кейін Нигериядағы шиіттерге қысым артты. Үкімет Тасуа және Ашура сияқты діни рәсімдерді өткізуге тыйым салды. Шиіттердің жиындарына қатаң қатынас көрсетілді. Шын мәнінде Нигерия үкіметі осы жылдарда шиіттердің елдің түрлі саяси-әлеуметтік салаларындағы белсенділігін солғындатуға, тіпті жоюға тырысты.
Нигерия үкіметі елдегі шиіттерге қарсы саясатының қаталдануының тамырын сыртқы ықпал мен исламофобияны жарнамалаудан көруге болады. Кез келген исламдық белсенділік «Боко харам» сияқты экстремистік топтардың әрекеттерімен қатарлас деп саналады. Шейх Закзаки мен Нигерия исламдық қозғалысы белсенділіктерінің болмысы ДАИШ-ке тілеулестік білдірген «Боко харам» лаңкестік-тәкфирлік тобының экстремистік көзқарастарынан мүлде бөлек.