Жапаров өзінің қазақ, өзбек және түркімен әріптестерімен кездесті
https://itolqyn.com/news/world-i54442
Қырғызстан президенті өзінің қазақ, өзбек және түркімен әріптестерімен екіжақты кездесулерінде өзара қарым-қатынасты нығайтуды баса айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 08, 2021 14:54 Asia/Almaty
  • Жапаров өзінің қазақ, өзбек және түркімен әріптестерімен кездесті

Қырғызстан президенті өзінің қазақ, өзбек және түркімен әріптестерімен екіжақты кездесулерінде өзара қарым-қатынасты нығайтуды баса айтты.

Түркіменстанның Аваза қаласында Орта Азия елдері басшыларының консультативтік отырысы аясында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде түрлі салаларда екіжақты стратегиялық әріптестік мәселелері өзара табысты қарым-қатынасты дамытудың перспективасын талқылады.

Садыр Жапаров Қырғызстанның Қазақстанмен саясат, экономика, сауда, тасымал, мәдениет пен достық қарым-қатынасты одан ары кеңейтуге дайын екенін айтты.

Қазақстан президенті екі бауырлас елдің арасында шешілмес мәселелердің болмауы тиістігін айтып, өзара қарым-қатынасты тереңдетуlі жалғастыру қажеттігін айтты.