БҰҰ біржақты санкцияларды сынады
(last modified Thu, 12 Aug 2021 15:14:36 GMT )
Там 12, 2021 21:14 Asia/Almaty
  • БҰҰ біржақты санкцияларды сынады

БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінің тәуелсіз сарапшылары сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде: "Біржақты санкциялар əлемнің түкпір-түкпірінде көптеген халықтың даму құқығынан айырылуына себеп болып отыр",-деді.

Тəуелсіз сарапшылар басқа елдерге біржақты санкция салатын елдерді мұндай саясаттан бас тартуға шақырды.

Сарапшылар: "Трансаймақтық санкциялар мен жанама санкциялар нысанаға алынған елдегі адамдар мен компаниялардың əрқайсысына теріс əсер тигізеді",-деді.

Осы мəлімдемеде: "Санкциялар елдердің дамуын тоқтатып, халықтарды артта қалдырады. Санкциялар жаһанданған əлемде бəріне зиян тигізеді",-деді.БҰҰ мəлімдемесінің басты нысаны Батыс елдері, әсіресе АҚШ сияқты.

АҚШ əлемде санкция салатын ең ірі ел саналады. Ол - өзінің саяси мақсаттарына жету үшін  тарихта басқа елдерге ең көп біржақты санкция салған ел.

Қазір коронавирус жайлаған қысылтаяң кездің өзінде Вашингтон көптеген елдерді экономикалық және медициналық тұрғыдан ауыр жағдайға қалдырып, бар күш-қуатымен санкция салуды жалғастырып келеді. Байден үкіметі де Трамп үкіметі сияқты бәсекелес немесе Вашингтонға қарсы елдерге санкциялық қатынасты жалғастырып отыр.  АҚШ Иранға барынша қысым аясында тарихта ең қатаң санкциялар салып қана қоймай, Ресей, Қытай, Венесуэла, Куба, Сирия мен Солтүстік Корея сияқты елдерге қарсы біржақты санкциялар салды. АҚШ санкциялары түрлі саяси, сауда, қауіпсіздік жəне адам құқығы сылтауларымен басқа елдерге, əсіресе бәсекелес немесе жаулас елдерге салынғанымен, сыртқы себептерді былай қойғанда мұндай қатынас тек Вашингтонның мүдделерін қорғауды көздейді.

Коронавирустың жаппай таралған шағында БҰҰ сан рет АҚШ-тың біржақты санкциялар салуын сынап, санкцияға ұшыраған елдердің медициналық құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектерге қолжетімділігін жеңілдету үшін санкцияларды жою немесе азайтуды талап етті.

БҰҰ-ның біржақты шаралардың теріс əсерлері жөніндегі арнайы баяндамашысы  Алена Духан: "Біржақты санкциялар БҰҰ-ның абыройын əлсіретіп, халықаралық əріптестік жəне заңның үстемдігі саласында күдік тууына себеп болады",-деді.

Батыс елдері мен АҚШ-тың біржақты санкцияларының бүлдіргі əсерлерін ескеріп, санкцияға ұшыраған елдердің біртұтас қатынасы, соның ішінде санкцияларға қарсы бір халықаралық коалиция құруы қажет сыңайлы. Əлем елдері тарапынан біртұтас қысымға ұшырағаннан кейін Батыс елдері осы салада көзқарасын өзгертуге мəжбүр болады. Өйткені БҰҰ-ның сарапшылары өз мəлімдемесінде осы санкциялардың теріс салдарын ашық та айқын баяндап берді.