АҚШ-тың сионистік режиммен әріптестігіне қарсы наразылық акциясы өтті
https://itolqyn.com/news/world-i54570-АҚШ_тың_сионистік_режиммен_әріптестігіне_қарсы_наразылық_акциясы_өтті
Израильдің Палестина халқына қарсы жауластық саясатының жалғасуы әлемнің түкпір түкпірінде жүздеген азаматтық құрылымдардың байкот қозғалысына қолдау білдіріп, сионистік компаниялармен әріптестікті тоқтатып, Израильде жасалған тауарларды сатып алуға байкот жариялануын талап етуге себеп болды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 14, 2021 00:50 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың сионистік режиммен әріптестігіне қарсы наразылық акциясы өтті

Израильдің Палестина халқына қарсы жауластық саясатының жалғасуы әлемнің түкпір түкпірінде жүздеген азаматтық құрылымдардың байкот қозғалысына қолдау білдіріп, сионистік компаниялармен әріптестікті тоқтатып, Израильде жасалған тауарларды сатып алуға байкот жариялануын талап етуге себеп болды.

Осы орайда Палестина халқының құқықтарын қолдайтын ондаған адам АҚШ-тағы Флорида штатының Тампа қаласындағы бір аурухананың алдында жиналып, осы емдеу орталығының сионистік режимнің компанияларымен әріптестігіне  наразылық білдірді. Бұл аурухана өткен айда 7 сионистік компаниямен ынтымақтастық келісіміне қол қойды.

Наразылық акциясына қатысушылар қолдарына «Сионистік режим  басқыншы күш ретінде өзі басып алған халықты медициналық құралдармен қамтамасыз етпейді, медициналық құрал-жабдықтардың жеткізілуіне кедергі жасайды, ауруханалар мен медицицалық инфрақұрылымдарды бомбалайды» деп жазылған плакаттар алып шықты.

Сионистік режимнің экспансиялық саясаты, басып алынған Палестина жерінде қалашық салуды жалғастыруы, палестиналықтардың құқықтарын аяқ асты етуі, Газа секторына шабуыл жасап, жүздеген палестиналықты, әсіресе балаларды шәһид етіп, жаралауы, дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтардың Палестинаға жеткізілуіне кедергі жасауы және осы елдің қорғансыз халқына қарсы басқа да жүздеген қылмысы айдан анық. Кейбір қылмыстарға қатысты видеолардың ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде таралуы көптеген адамның халықаралық қауымдастықта Израильге қарсы үдерісті бастауына себеп болды.

Осы орайда әлемнің көптеген елдері BDS қозғалысына (Израильге Палестина жерлерін басып алып, қалашық салғаны үшін қысым жасауға бағытталған халықаралық кампания) қосылып, сионистік компаниялардың өнімдері мен тауарларын қолдануға тыйым салып, олармен барлық қарым-қатынасты тоқтатуды талап етіп отыр.

АҚШ-та да байкот қозғалысының жақтастары көп.  Әсіресе қазір Covid-19 індеті таралып, дәрі-дәрмектер, медициналық жабдықтар және вакцинамен қамтамасыз ету аса қажет болып отырған жағдайда Израиль басқыншылықтарының жалғасуы және палестиналықтарға ауруханаларға барып, вакцина алуға тыйым салуы байкот қозғалысын қолдаушылардың ашу-ызасын тудырды. АҚШ ауруханаларының әрекеттеріне наразылықты да осы тұрғыдан бағалау керек.