Талибан: Гераттағы Иран бас консулдығының қауіпсіздігі сақталған
https://itolqyn.com/news/world-i54578
Ауғанстандағы Талибан тобының ақпарат өкілі: "Гераттағы барлық дипломатиялық өкілдіктер, соның ішінде Иранның бас консулдығының қауіпсіздігі сақталған",-деп мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 14, 2021 16:48 Asia/Almaty
  • Талибан: Гераттағы Иран бас консулдығының қауіпсіздігі сақталған

Ауғанстандағы Талибан тобының ақпарат өкілі: "Гераттағы барлық дипломатиялық өкілдіктер, соның ішінде Иранның бас консулдығының қауіпсіздігі сақталған",-деп мәлімдеді.

Забихулла Моджахед сенбі күні: "Талибанның бақылауындағы қалаларда орналасқан консулдықтарға басқыншылық жасалмады. Олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі",-деді.

Моджахед Катарда Абдулла Абдулла, Талибан мен АҚШ-тың Ауғанстандағы уақытша үкіметтің басшысы туралы кеңес өткізіп, алты айға атысты тоқтатуға қатысты 95 пайызға келісім жасағаны жайлы ақпаратты теріске шығарды.