Талибан Ауғанстанның астанасына басып кірді
(last modified Sun, 15 Aug 2021 14:49:39 GMT )
Там 15, 2021 20:49 Asia/Almaty
  • Талибан Ауғанстанның астанасына басып кірді

Ауғанстанның Ішкі істер министрлігі Талибан күштерінің ел астанасына кіргенін растады.

ISNA ақпарат агентігінің хабарлауынша, Талибан күштері бірнеше тараптан Кабулға кірген.

Талибан Кабулдан кетуді қалайтын адамдарға қауіпсізірек жерге көшуге рұқсат бергенін айтып, әйелдер мен балаларға тынышырақ жерге баруға кеңес берді.  

Осы хабар таралар алдында бір ауғандық басшы Талибан күштерінің Кабулға жақындап қалғанын хабарлаған болатын.

Ауғанстан аймақтық кеңесінің мүшесі: «Талибан Логар уәлаятында Пули Алам қаласын басып алғаннан кейін Кабулдан 50 км жерге жетіп, Кабулдың айналасындағы аудандарды өз бақылауына алды»,-деді.

Талибан күштері Кабулға кірмес бұрын қаланың шығысындағы электр стансаны басып алды.