Әлем армияларының халықаралық жарысын ұйымдастыру исламдық Иранның абырой-айбынын білдіреді
https://itolqyn.com/news/world-i54640
ИИР армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы: «Әлем армияларының халықаралық жарысын ұйымдастыру исламдық Иранның абырой-айбынын білдіреді»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 17, 2021 17:59 Asia/Almaty
  • Әлем армияларының халықаралық жарысын ұйымдастыру исламдық Иранның абырой-айбынын білдіреді

ИИР армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы: «Әлем армияларының халықаралық жарысын ұйымдастыру исламдық Иранның абырой-айбынын білдіреді»,-деді.

Iran Press ақпарат агентігінің хабарлауынша, адмирал Хұсейн Ханзади Теңіз кубогы мен сүңгуіршілер сайысы болатын жерге барып, халықаралық шараны ұйымдастыру барысымен танысты.   

ИИР армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы: «Бұл жарыс толық әскери аймақта өтеді. Медициналық протоколға қатысты барлық мәселелер жіті сақталады»,-деді.

Адмирал Хұсейн Ханзади Иранның әлем армияларының сүңгуіршілер мен әскери кемелері арасындағы халықаралық жарыс ұйымдастырып жатқанына тоқталып: «Бұл жарыс – жеке және топтық деңгейде әскери әлеуеттерді көрсету және мамандандырылған салада жоғарырақ қарым-қабілеттерге ие болуға берілген айрықша мұрсат»,-деді.