Иранның Ауғанстандағы өзгерістер жайлы көзқарасы
(last modified Tue, 17 Aug 2021 14:55:42 GMT )
Там 17, 2021 20:55 Asia/Almaty
  • Иранның Ауғанстандағы өзгерістер жайлы көзқарасы

Ауғанстанда өзгеріс болып, Кабул Талибанның қолына түскеннен кейін әлем елдері Ауғанстандағы дағдарысты шешу үшін кеңесе бастады.

Осы орайда Иран Сыртқы істер министрі  Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Теһранда Қытай СІМ-нің Ауғанстан ісі жөніндегі арнайы өкілімен кездесуінде Иранның Ауғанстандағы өзгерістер жөніндегі көзқарасын баяндап, Иранның Ауғанстанда қатыгездік күшейіп, соғыс басталуының алдын алу үшін ел билігін бейбіт жолмен тапсыруды үйлестіру кеңесін қолдайтынын баса айтты.

Зариф Ауғанстандағы соңғы өзгерістер салдарынан үйсіз қалғандардың көршілес елдерге лап қойғанын талқылауды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі деп атады, әсіресе коронавирус жаппай таралған жағдайда бұған баса назар аудару керек.

Иран Президенті сейіт Ибраһим Раиси ел Сыртқы істер министрі  Мұхаммад Джавад Зарифпен сұхбатында қауіпсіздік, тұрақтылық және жақсы әл-ауқатты Ауғанстан халқының құқығы деп атап: «Иран Ауғанстанның басты қажеттілігі, яғни тұрақтылық орнатуға бар күшін салады. Көршілес әрі бауырлас ел ретінде барлық топтарды ұлттық келісімге келуге шақырамыз»,-деді.

Иран Президентінің Ауғанстандағы жағдай туралы сөздері мына бір маңызды жайтқа меңзейді: АҚШ-тың жеңіліп, Ауғанстаннан шығуы бұл елде трішілікті қайта жандандырып, қауіпсіздік  пен тұрақты бейбітшілікті орнату үшін қолайлы мұрсатқа айналуы тиіс.

Тарихи шындықтар көрсеткендей, Ауғанстан халқы әрдайым кез келген басқыншылық пен шектен тыс талап етушілікке табанды қарсылық білдіріп келеді. Шығыс пен Батыстың басқыншылары  Ауғанстан мұджахедтерінің ерік-жігері мен табандылығынан жеңіліс тауып, бұл жерден қуылды.

Бүгінде бұл елдің оккупацияда болғанына 20 жыл толды. Жүздеген мың сарбаз жіберіліп, миллиардтаған доллар қаражат жұмсалды. Бірақ басқыншылықтан қалған нәрсе – соғыс пен бейберекеттік.

ИИР: «Ауғанстанда тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату үшін жан аяп қалмайды. Аймақтағы көршілес елдер де осы салада әріптестікті арттырады деп ойлаймыз»,-деп сан рет мәлімдеді.