Там 19, 2021 20:57 Asia/Almaty
  • Иран Президенті: Қытаймен ынтымақтастық деңгейін арттыру – Иран үкіметінің басты басымдығы

Иран Президенті: «Қытаймен ынтымақтастық деңгейін арттыру – Иран үкіметінің сыртқы саясатындағы басты басымдық»,-деді.

Иран Президентінің кеңсесі ақпарат агентігінің хабарлауынша, сейіт Ибраһим Раиси сәрсенбі күні Қытай Президенті Си Цзиньпинмен телефон арқылы сұхбатында Иранның Қытаймен стратегиялық байланысты дамытып, нығайтуды көздеп отырғанын айтып, Қытайға АҚШ-тың біржақтылығына қарсы ұстанымы мен халықаралық сахнада Иранмен әріптестік жасағаны, соның ішінде Иранның ядролық құқығын қолдағаны, Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болып кіруін қолдап, АҚШ-тың ИИР-ға қатысты зұлым санкцияларына қарсы шыққаны үшін алғыс айтты.

Си Цзиньпин Иранға Қытайдың түбегейлі мүдделеріне қолдау білдіріп отырғанына алғыс айтып, осы елдің Шанхай ынтымақтастық ұйымына ресми түрде қабылдануының аталмыш ұйымның ұзақ мерзімді мүдделеріне сай атқарылғанын айтты.

Тегтер