Талибан саяси кеңесінің басшысы Кабулға келді
Талибан саяси кеңесінің басшысы Ауғанстан астанасы Кабулға келді.
Талибанға жақын бір ақпарат сөзі: «Молда Абдулғани Барадар Кабулға келіп, Ауғанстанда жаңа үкімет құру туралы келіссөздерді бастады»,-деп мәлімдеді.
Талибан саяси кеңесінің басшысы сейсенбі күні Катардың астанасы Дохадан Ауғанстанның Қандағар қаласына келген еді.
Осы жағдайда Талибанның ақпарат өкілдерінің бірі Сохейл Шахин: «Бұл топ Қытай мен Түркияны Ауғанстанды қайта жөндеуде өзінің ең маңызды серіктестері санайды»,-деді.
Шахин: «Біз Түркиямен достық пен әріптестікке басқа елдерден көбірек зәруміз. Ауғанстанда қазба байлық мол. Бірақ басқыншылар инфрақұрылымды жойғаннан кейін оларды игеруге мүмкіндік болмай отыр»,-деді.
Кабулға келген Талибан саяси кеңесінің басшысы жақын болашақта осы топтың басшысы ретінде таныстырылуы мүмкін.
Молда Абдулғани Барадар Ауғанстан астанасына келгеннен кейін осы елдің саяси болашағы жайлы келіссөздер жылдамдай түседі деп айтылады.
Молда Барадар Талибан саяси кеңесінің басшылығын мойнына алып отырғанын ескерсек, ол елде жаңа үкімет құру үшін басқа тараптармен болатын келіссөздерді жүргізетін болады. Осылайша Молда Барадар осы салада шешім қабылдауда ерекше ықпалды деп айтуға болады.
15 тамызда Талибан Кабулды қолға алғаннан кейін осы топтың Ауғанстанның үйлестіруші кеңесі, соның ішінде Абдулла Абдулла, Хамид Карзай мен Гүлбеддин Хекматиярмен келіссөздері басталған еді. Бірақ Талибанның болашақ үкімет үшін қандай модель таңдағаны әлі белгісіз. Осы топ басшыларының айтуынша, ол барлық қауым өкілдерінен тұратын жан-жақты үкімет болмақ.