Исфаханда әлем армиялары әскери жарысының алтыншы кезеңі басталды
Там 22, 2021 17:37 Asia/Almaty
Әлем армиялары әскери жарысының алтыншы кезеңі Иран, Ресей, Өзбекстан және Вьетнам командаларының қатысуымен Исфаханда басталды.
ИИР армиясы Құрлық күштері қолбасшысының үйлестіру істері жөніндегі орынбасары бригада генералы Аббас Фаллах бүгін, жексенбі әлем армиялары әскери жарысының алтыншы кезеңінің ашылу рәсімінде: «Жарыс өткізудің мақсаты – қатысушы елдердің мәдени байланыстарын арттырып, достық пен бейбітшілікті нығайту»,-деді.
Әлем армияларының «Қару-жарақ шеберлері» атты әскери жарысының алтыншы кезеңі бүгін Исфаханның «Шаһиншаһр» ауданында басталып, 3 қыркүйекке дейін жалғасады.
Тегтер