Еуразия экономикалық одағының басшылары өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастықты дамыту қажеттігін қуаттады
Қырғызстан Президенті Еуразия экономикалық одағына мүше әрбір елдің өндірістік тізбегін қалыптастыру әлеуеті мен экспортын арттыру қажеттігін айтты.
Садыр Жапаров Еуразия экономикалық одағы басшыларының Бішкектегі отырысында: «Қырғызстан осы одаққа мүше елдер арасында жан-жақты ынтымақтастықты тереңдетудің зор маңызын ескере отырып, одақ аясында ынтымақтастық үдерістерін одан ары дамытуға көмектеседі»,-деді.
Мемлекеттердің басшылары да осы отырыста ұжымдасу үдерістері, сауда-экономикалық әріптестікті қалыптастыру және одақтың басқа да маңызды мәселелерін шешуді белсенді түрде жалғастыруға дайын екендерін айтты.
Еуразия экономикалық одағы басшыларының отырысы Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения мен Беларусь Премьер-министрлерінің қатысуымен өтті.