Хатибзаде: Ауғанстанның жағдайы – АҚШ-қа сенімсіздік символы
(last modified Mon, 23 Aug 2021 09:58:44 GMT )
Там 23, 2021 15:58 Asia/Almaty

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Қазір Ауғанстанда болып жатқан оқиғалар АҚШ-тың қай жерде болса да, тек өз мүддесін ойлайтынын дәлелдеді»,-деді.

Саид Хатибзаде дүйсенбі күні өткен апталық баспасөз отырысында Iran Press тілшісінің Ауғанстанның қазіргі жағдайына қатысты сұрағына берген жауабында: «Қазір Ауғанстанда куә болып отырған жағдай өз қауіпсіздігін АҚШ-пен байланыстыратын адамдарға үлкен сабақ болды»,-деді.

Ол: «АҚШ тек өз мүддесін көздейтінін, тіпті өз одақтастарын да назарға алмайтынын дәлелдеді»,-деді.   

Хатибзаде сионистік режим Соғыс министрінің соңғы сөздері туралы: «Израиль басқыншылық жасаушы және тынышсыздық тудырушы режим ретінде танылған. Сондықтан халықаралық жүйеде орны жоқ десе де болады»,-деді.