Қалибаф: Жапония Иранның активтерін босату жолында байсалды қадам жасауы керек
(last modified Mon, 23 Aug 2021 11:47:38 GMT )
Там 23, 2021 17:47 Asia/Almaty

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Жапония Сыртқы істер министрімен кездесуінде: «Жапония Иранның активтерін босату үшін байсалды қадам жасауы керек»,-деді.

Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф  жексенбі күні Тосимицу Мотэгимен кездесуінде: «Жапония үкіметінен әсіресе коронавирустың таралуымен күрес жолында Иранның активтерін босату үшін шынайы да байсалды қадам жасайтынын күтеді»,-деді.

Қалибаф: «Жапония дәрі-дәрмек саласында Иранға қарсы салынған санкцияларға шынайы реакция білдіруі тиіс»,-деді.

Жапония Сыртқы істер министрі осы кездесуде: «Экономикалық мәселелерге қатысты өзара диалогты нығайтуға ниеттіміз»,-деді.