Лавров: АҚШ Ауғанстандағы жағдайдан ғибрат алуы тиіс
Ресей Сыртқы істер министрі: «АҚШ-тың Ауғанстанның ішкі ісіне араласуынан алатын ең маңызды нәтижесі мынау: ешкімге күштеп өмір дәрісін беруге болмайды. Өзіңнің ішкі қиыншылықтарыңды шешуді ойлаған дұрыс»,-деп қуаттады.
Сергей Лавров сәрсенбі күні Венада өзінің аустриялық әріптесі Александр Шаленбергпен келіссөздердің соңында: «Вашингтон басшылары қазір Ауғанстанда әскери миссиясы аяқталып, америкалық әскерилерді шығарғаннан кейін мынадай шешім шығаруы тиіс: басқа елдердің ішкі ісіне араласуды қабылдауға болмайды»,-деді.
Ресей Сыртқы істер министрі: «АҚШ Ирак, Сирия, Ливия мен Ауғанстанның ішкі ісіне араласқаннан кейін әлемде лаңкестік қоқан-лоққылар көбейді, есірткі заттар көлемі артты, миграция мәселесі туындады. Осының барлығы Еуропа елдерінің халықаралық қиыншылықтарын арттыра түсті»,-деді.