Раиси: Теһран мен Исламабад қарым-қатынасы – өзара сенімге негізделген байырғы қатынас
(last modified Fri, 27 Aug 2021 09:40:16 GMT )
Там 27, 2021 15:40 Asia/Almaty
  • Раиси: Теһран мен Исламабад қарым-қатынасы – өзара сенімге негізделген байырғы қатынас

Сейіт Ибраһим Раиси кеше, бейсенбі күні Пәкістанның Сыртқы істер министрі Шах Мехмуд Курейшимен кездесуінде Теһран мен Исламабад қарым-қатынасын өзара сенімге негізделген байырғы қатынас деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Президенті АҚШ-тың Ауғанстаннан шығуын осы елде бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздік  орнату жолында барлық ауғандық топтардың әріптесуі үшін бетбұрыс нүктесі деп атап: «АҚШ-тың Ауғанстан мен аймақта болуы қауіпсіздік тудырмайды. Аймақ елдері Ауғанстандағы түрлі топтардың біріккен үкімет құруына көмектесуі керек»,-деді.

Раиси Ауғанстанға протекция орнатуға негізделген кез келген қатынасты теріске шығарып: «Мұндай қатынас – АҚШ-тың жеңіліс тапқан үлгісі. Бұлай Ауғанстанда тұрақтылық пен бейбітшілік орнатылмайды»,-деді.

Шах Мехмуд Курейши осы кездесуде Иран мен Пәкістан қарым-қатынасын  тарихы терең қатынас деп атап, екі елдің аймақтық және халықаралық мәселелерге қатысты ортақ ұстанымдарға ие екенін айтып: «Пәкістан екі елдің саяси-экономикалық және аймақтық салалардағы қарым-қатынасын тереңдетіп, нығайтуды қалайды»,-деді.