Иран Кабул әуежайында болған лаңкестік әрекетке реакция білдірді
(last modified Fri, 27 Aug 2021 10:46:46 GMT )
Там 27, 2021 16:46 Asia/Almaty

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Кабул әуежайында болған оқиғаларға қатаң реакция білдіріп, лаңкестік әрекетті айыптады.

Iran Press ақпарат агентігінің жұма күні хабарлауынша, Саид Хатибзаде Ауғанстанның қорғансыз халқын нысанаға алып, әйелдер мен ерлер, жастар мен балаларға қарсы кез келген лаңкестік әрекетті айыптайды.

Хатибзаде Ауғанстанда тез арада жан-жақты үкімет құрылып, тиісті органдар халықтың жаны мен мал-мүлкін сақтап, қорғау міндетін атқаруға кірісетініне үміт білдірді.  

Ауғанстан медициналық басшылары: «Бейсенбі күні Кабул әуежайына жақын жерде болған екі өзін-өзі жару оқиғасынан 60 адам қаза тауып, 140 адам жараланды»,-деді.

CENTCOM-ның қолбасшысы генерал Кент Маккензи: «Кабул әуежайы алдында болған лаңкестік жарылыстан АҚШ-тың 12 сарбазы қаза тауып, 15 адам жараланды»,-деп растады.

ДАИШ лаңкестік тобы бейсені күні Telegram-дағы жеке парақшасында Кабул әуежайында болған лаңкестік жарылыстарға жауапкершілікті ресми түрде өз мойнына алды.