Байденнің Кабул жарылыстарына ырықсыз реакция білдіруі – Вашингтонның ДАИШ-ті қолдауының нәтижесі
(last modified Fri, 27 Aug 2021 13:13:31 GMT )
Там 27, 2021 19:13 Asia/Almaty
  • Байденнің Кабул жарылыстарына ырықсыз реакция білдіруі – Вашингтонның ДАИШ-ті қолдауының нәтижесі

АҚШ Президенті Джо Байден бейсенбі күні Кабул әуежайында болған лаңкестік шабуылдарға алғашқы реакциясында: «Ақпараттық талдау бұл шабуылдың ДАИШ тобы тарапынан жасалғанын көрсетеді»,-деді.

Ол: «Біз кешірмейміз, ұмытпаймыз. Сіздердің соңдарыңыздан барамыз. Оның шығынын өтеуге көндіреміз»,-деді.

АҚШ-тың Батыс Азия, Орта Азия және Солтүстік Африкада орналасқан лаңкестік күштер штабының (CENTCOM) ақпарат өкілі бейсенбі күні Кабулда болған жарылыстарда қаза тапқан америкалық күштердің санын 13 адам, жараланғандар санын 18 адам деп жариялады.

ДАИШ лаңкестік тобы мәлімдеме жасап, бейсенбі күні Кабулда болған жарылыстарға жауапкершілікті өз мойнына алды.

Осы мәлімдемеде ДАИШ Талибан тобын АҚШ армиясымен әріптесіп, тыңшыларды қорғап, Ауғанстан жерінен эвакуациялауға көмектесіп жатыр деп айыптады.

Байденнің Кабулдағы жарылыстарға асығыс реакциясы АҚШ үкіметінің қазір Ауғанстандағы өзгерістер туралы сергелдеңге түсіп отырғанын көрсетеді. Бейсенбі күнгі оқиға бұл жағдайды одан ары ушықтыратыны анық.  

Қазіргі таңда Байденді сынаушылар, әсіресе АҚШ-тың БҰҰ-дағы бұрынғы елшісі Никки Хейли мен басқа да республикашылдар мұрсатты пайдаланып, тағы бір рет Байденнің Ауғанстаннан америкалық күштерді жылдам шығару саясатын сынап, оның отставкаға кетуін талап етті.   

Байден сыншыларға жауабында: «Мен тек АҚШ-тың бұрынғы республикашыл үкіметі, яғни Трамп үкіметі қабылдаған келісімді жүзеге асырдым»,-деді.  

Сондықтан оның көзқарасынша қазіргі таңда республикашылдар тек мұрсатты пайдаланып, кек алу мақсатында оған және оның үкіметіне шабуыл жасап жатыр.

Бірақ Кабул әуежайында болған шабуылдар айқындап берген тағы бір мәселе мынау: АҚШ қазіргі таңда Сирия, Ирак пен Ауғанстанда ДАИШ лаңкестік тобын құру және таратуда атқарған рөлінің нәтижесін көріп жатыр.

Бүгінде америкалықтардың ДАИШ-пен күресте шынайы әрекет етіп отырғанына күмән туды. Вашингтонның лаңкестік топты ұдайы құрал ретінде пайдалануды көздегені айқындалды.