Исфаханда əлем армияларының əскери жарысы өтіп жатыр
https://itolqyn.com/news/world-i54876-Исфаханда_əлем_армияларының_əскери_жарысы_өтіп_жатыр
Əлем армиялары əскери жарысының алтыншы кезеңі Иран, Ресей, Өзбекстан жəне Вьетнам командаларының қатысуымен Исфахан облысының Шахиншахр қаласында өтіп жатыр.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 28, 2021 19:36 Asia/Almaty

Əлем армиялары əскери жарысының алтыншы кезеңі Иран, Ресей, Өзбекстан жəне Вьетнам командаларының қатысуымен Исфахан облысының Шахиншахр қаласында өтіп жатыр.

"Қару-жарақ шеберлері" атты əлем армияларының əскери жарысы 22 тамызда Иранның Исфахан облысында басталып, 3 қыркүйекке дейін жалғасады.

Жарыс мақсаттарының бірі бейбітшілік пен достықты нығайту жəне төрт ел арасында мәдени байланыстарды арттыру деп жарияланды.

Жарысқа қатысып жатқан командалар ауыр жəне жеңіл артиллериялық қарулар, əуе қорғаныс кешендері мен индивидуалды қарулар, соның ішінде 122 милиметрлік орташа зеңбірек, 23 милиметрлік қорғаныс кешені мен қарудың басқа түрлерін қолданды.