Хатибзаде: Иран өз мұнайын кімге сататынын өзі шешеді
Там 30, 2021 17:29 Asia/Almaty
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Иранның жанармайын Ливанға жіберу туралы: «Иран жанармайын түрлі елдердегі клиенттерге жіберу – егемен елдің тәуелсіз ісі. Иран мұнайы мен жанармайын қай ел мен қай клиентке сататынымызды өзіміз шешеміз»,-деді.
Саид Хатибзаде баспасөз отырысында: «Өз егемендігімізді танытуда өте байсалдымыз. Осы салада заңды сауда жасау халықаралық құқықтың бастапқы шарттарының бірі екенін бәрі біледі деп ойлаймын»,-деді.
Хатибзаде басқа елдер егер Ливан халқының қиыншылықтарын азайта алса, бір сәтке де кідірмеуі керегін айтып: «Ливанға жанармай сатуда да осы жолды жүріп өттік. Сұраныс болған жағдайда біз осы бағытты жалғастыратын боламыз»,-деді.
Тегтер