АҚШ-тың Луизиана штатында «Ида» дауылы болды
https://itolqyn.com/news/world-i54914-АҚШ_тың_Луизиана_штатында_Ида_дауылы_болды
«Ида» дауылы АҚШ-тың Луизиана штатына ауыр шығын әкелді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 30, 2021 17:43 Asia/Almaty

«Ида» дауылы АҚШ-тың Луизиана штатына ауыр шығын әкелді.

Дауылдың жылдамдығы 240 км/сағ болған. Соның салдарынан су тасқыны  болып, қаланың инфрақұрылымы мен ғимараттарға зиян келтірілді.  

«Ида» дауылы АҚШ-тың Луизиана штатының орталығы Нью-Орлеанда электр қуатының сөніп, әуе рейстерінің тоқтатылуына әкеліп соқтырды.  Мыңдаған адам аймақтан қашты, қалғандары үйлерінде қамалып отыр. Қала көшелері бос. АҚШ-та коронавирус өршіп тұрған шақта осындай дауылдың болуы дағдарысты одан ары ушықтырып жіберді.

Галиано қаласында дауыл аурухананың шатырын бұзып, науқастарды емдеу жұмысына нұқсан келтірді.

16 жыл бұрын осындай кезде «Катрина» дауылы осы аймақта жүріп өтіп, көптеген қиранды қалдырып, 1800 америкалықты мерт қылған еді.