Иранның деректі фильм түсірушілері Армения фестивалінде топ жарды
(last modified 2021-08-30T12:47:55+00:00 )
Там 30, 2021 18:47 Asia/Almaty

Иранның екі деректі фильм түсірушісінің туындылары Арменияда өткен «Өрік ағашы» халықаралық кинофестивалінде ең үздік фильм жүлдесі мен қазылар алқасының арнайы жүлдесін жеңіп алды.

Арменияның Уджан ауылында өткен «Өрік ағашы» атты жетінші кинофестивальдің жабылу рәсімінде Мехди Заманпур Киасаридің «Кол Фатима» деректі фильмі фестивальдің ең үздік толық метражды фильм жүлдесін иеленсе, Абдулқадир Халеди «Балваре» қысқа метражды фильмі үшін қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды.

«Өрік ағашы» кинофестивалінің өтіп жатқанына жетінші жыл болды. Ирандық фильм түсірушілер фестивальдің жеті кезеңінде де басты жүлделерге ие болды.

Фестиваль басшысы Гарегин Закоян: «Жоғары рухани құндылықтарды насихаттау – ирандық фильмдердің басты ерекшелігі. Сол себепті қазылар алқасы мен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді»,-деді.  

Тегтер