Амир Абдуллахиан: Вена келіссөздері Иран халқына сезілерлік жетістік әкелуі тиіс
(last modified Tue, 31 Aug 2021 10:46:28 GMT )
Там 31, 2021 16:46 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Вена келіссөздері Иран халқына сезілерлік жетістік әкелуі тиіс

Иран Сыртқы істер министрі: «Он үшінші үкіметтің сенімінше, Вена келіссөздері Иран халқына сезілерлік жетіктік әкелуі тиіс. Уақыт созу қатынасын ешкім қабылдамайды»,-деді.

Амир Абдуллахиан дүйсенбі күні кешке Иран Телерадио бірлестігінің 2-арнасына берген сұхбатында: «Инаугурация рәсімінде Еуроодақтың аға келісімгері Энрике Мораға америкалықтардың алғашқы қателігінің Иран халқына қарсы қоқан-лоққы тілін қолданғаны екенін айттым. Иран халқымен қарым-қатынаста әдеп сақтау керек»,-деді.

Ол: «Біз Еуроодақ өкіліне Иран халқына қарсы қоқан-лоққы тілі нәтиже бермейтінін ашық айттық. Егер осылай жалғаса беретін болса, бұл он үшінші үкімет үшін сындарлы емес. ИИР мұндай қисынға сүйенген келіссөздерді қолдамайды»,-деді.